Ленаның оқиғасы

Мен небинарлықты қолдаймын, бірақ әрқашан өзімнің саяси лесбиянка және феминистка екенімді айтып жүремін

Қазақстандық лесбиянка – өзін қабылдаудан қорыққаны, қабылдағаннан соң жеңілдегені, Қазақстандағы ЛГБТ-ның шынайы жағдайы және өзінің радикалды дискурсы жөнінде
Менің аты-жөнім Элен Нортс, жасым 25-те, мен Алматыда тұрамын және мен лесбиянкамын.

Менің жігіттерге деген қызығушылығым ешқашан болған емес. Бір жолы ғана жігітпен кездесіп көргенмін. «Барлық адамдар» сияқты болуға тырыстым. Ұмтылысым сәтсіз болды. Ешқандай жақындасуымыз болған жоқ. Көбінесе біз хабарлама жазысатынбыз, кейде қаланы аралап қыдыратынбыз. Бір рет сүйістік. Онымен сөйлесу аса қызық емес еді, ортақ тақырыбымыз да болмады.

Біздің «қатынасымыздың» ұзақтығы бір айға да жетпеді. Мүмкін осы қатынасымыздың арқасында мені жігіттердің қызықтырмайтынын түсінген болармын.
БӘРІ ӨЗ ОРНЫНА КЕЛДІ
Өзімнің болашақ сүйікті қызыммен 21 жасымда таныстым
Мен сұлулық салонында администратор болып жұмыс істедім. Бізге жұмысқа жаңадан қыз келді. Ол лесбиянка ретінде каминг-аут жасады. Мен бұл жағдайды байыппен қабылдадым. Менің оған қоятын сұрағым көп болды, сұраудан қысылмадым, ол ашық және шынайы жауап берді.

Ол кезде гомосексуализм тақырыбымен мүлдем таныс емес едім, өзімді идентификацияламаған кезім және сұрақтарым да күлкілі болатын. «Ал сендер оны қалай жасайсыңдар?» деген сияқты.

Біз достасып алдық. Сосын мен оған деген сезімімнің бар екенін түсіндім. Мен бұны ешқалай атағым келмеді, өте қорықтым. Мен «қоғам гомофобиялы, достарым мен құрбыларым теріс айналады, мамам немере сүйгісі келеді – үйден қуып шығары анық. Өзімнің лесбиялық табиғатыммен жалғыз қаламын» деп ойладым. Мен ол кезде қолдау көрсетуге, қабылдауға, тәжірибесімен бөлісуге дайын қоғамдастықтың, адамдардың бар екенін тіпті білмедім.

Ия, ең қорқыныштысы жалғыз қалу, түсінілмей және қабылданбай қалу, ең сорақысы – кісі қолынан соққы алу немесе мерт болу еді. Маған суицид туралы ойлар да келетін. Кейінірек Американың бір жеріне кетіп қалғым келді. Содан кейін барып мен бұнымен қалай өмір сүруге болатынын түсінуге бел будым.

Бұл күрделі процесс болды. Үнемі өзімнің пікірім мен тәжірибемді жоққа шығаратынмын, бұл маған керек пе деген ішкі шайқас үздіксіз жүріп отыратын. Мен ақпарат іздей бастадым. ВКонтакте немесе Файсбук желісінің топтарын, сауалнамаларын, мақалаларын, жазбаларын, жеке оқиғаларды оқыдым. Бұл мен лесбиянкамын деген ойдың қабылдануына көмектесті. Тезірек өзімді саналы түрде қабылдап, өзімнің кім екенімді айқайлап жар салғым келді.

Соңында кез келген нәрсені өз атымен атау керек деген идеяға өзімді сендірдім. Сол кезде бәрі өз орнына келді. Мен өзімді «тақырыптамын» деп айта бастадым. Қорқыныштарым сейілді. Тек гомофобтардың зорлықтарынан ғана қорықтым – мен өзімді осылай қабылдасм да, қабылдамасам да ұрып кетуі мүмкін.
Қазір мен сексуалды бағдар өзгеруі мүмкін, ол тұрақсыз және флюидті деп ойлаймын
Сонымен бірге өзін әйел ретінде қабылдамайтын адамды кездестіріп, сүйіп қалуым да мүмкін деген ойым бар. Мысалы, менің партнерым транс-еркек ретінде камиг-аут жасауы мүмкін, онда ол кезде менің өзімді қалай идентификациялайтыным: бисексуалды, пансексуалды немесе гетересексуалды екенім туралы шешім қабылдауым керек болады.

Мен небинарлықты жақтаймын, бірақ қазіргі уақыт контестінде, біздің ел контектінде мен өзімді «саяси» лесбиянка және феминист-әйел деп атаймын. Бұл өз партнерымның бағасын түсірмеу және өзімнің позициямды нақты белгілеу үшін маңызды. Мен «саясимын», себебі сұрақтардың, ұсыныстардың, проблемалардың, сәттіліктердің және лесбиянкалармен байланысты барлық нәрселердің айқын көрінгенін қалаймын.
БІЗСІЗ ЕШТЕҢЕ БІЗ ҮШІН ЕМЕС
ЛГБТ-белсенділігі туралы идея маған 2016 жылы келді
Ивенттер мен дәрістерге қатыса бастадым. Іс-шараларда жиі пікір таластыратынмын. Белсенділер мендегі потенциалды көріп, осы іс-шараларда сөз сөйлеуді ұсынды.

2017 жылдың мамырында мен гемофобиямен, бифобиямен, лесфобиямен және трансфобиямен күрес күніне арналған «IDAHOLBIT» лекториясына қатыстым – лесбофобия туралы айттым. Сосын Қайтыс болған трансгендерлі адамдарды еске алу күніне және Халықаралық әйелдерге қатысты зорлықты жою күніне арналған іс-шарада екінші жүргізуші болдым. Бұл үлкен көлемдегі іс-шара еді, біз лекторийлар, пластикалық театр жасадық, онлайн-компания аштық, шынайы оқиғалармен бөлістік. Сонымен бірге, мен түрлі фем-шараларға қатыстым – мысалы, орталық Арбаттағы марштарға.
Бізде жасырын ереже бар: «Бізсіз ештеңе біз үшін емес». Бұл мысалы лесбиянкалардың проблемаларын шешуге бағытталған белсенділік тек лесбиянкалардың тарапынан ғана болуы мүмкін деген сөз, себебі, бұл тәжірибені тек олар ғана бастан кешіреді. Халық алдына шыққанда да мен лесфобияны жоюға шақыратынмын – бұл адамды қанаудың бөлек түрі екені туралы айтатынмын. Олардың проблемалары елеусіз қала беретін, себебі, олар шешілген, немесе гейлердің проблемаларына ұқсас деп, немесе маңызсыз деп есептелетін.

Менің көзқарасым бойынша, гейлердің проблемасы максималды айқын болған және солай қала береді. Бүкіл әлемде «гей-парад», «гей-клуб», «гей-неке», «гей-кештер» деген түсініктер бар, барлығы гейлерге бағдарланған. Феминді гейлерге, яғни еркекке ұқсамайтын, жұмсақ көрінетін гейлерді жек көретін гейлер бар. Трас-еркектерді транс-әйелдерге қарағанда азырақ қорлайды, өйткені олар ерлердің гендерлік рөлдерін таңдайды, ал ол – көбірек дұрыс қабылданады, бірақ аз маскулинді транс-еркектер коррекциялық зорлыққа ұшырауы мүмкін («Қазір мен сені қатын қыламын!»).
Транс-әйелдерді сондай жыныс мүшесімен туылғандықтан «болуы тиіс» өз маскулиндіктерінен бас тартқандары үшін ұрады
2016 жылдан бері мен бірнеше рет сұхбат бердім, тақырыптар әрқашан феминизммен және лесбиянкалармен байланысты болды. Лесфобия туралы үлкен мақала жаздым, ол орта-азиялық Step-Unicorn және Kok.team порталдарында жарық көрді. Түрлі іс-шараларға қатысу туралы ұсыныстар көп болды. Осының барлығы 2017 жылы құрбым екеуміздің FemPoint инициативті профеминистік топты құруымызға әкелді.

3
БІЗДЕН ҚОРҚУДЫҢ ҚАЖЕТІ НЕ?
Барлығы ЛГБТ-ұйымдардың бірінің тренингінен басталды
Осы жерде мен инициативті топқа бірігіп, аздан бастауға болатынын түсіндім. Құрбыма ойымды айттым, содан кейін біз бірден атын ойлап табуға кірістік.

Біздің тек әйелдерге: лесбиянкаларға, бисексуалкаларға, транс-әйелдерге қолдау білдіретінімізді көрсету үшін бұл атауда міндетті түрде «фем» деген тіркес болуы керек деп шештік. Ия, менің басымда – өте тар әрі айтарлықтай радикалды дискурс бар, бірақ мен біздің қоғамда еркектерге қарағанда әйелдер көбірек зардап шегеді деген сенімдемін.

Өткен жылдан бері біз іс-шараларды, қолдау топтарын ұйымдастырумен айналысудамыз, шығармашылық кештер өткіземіз.
Жақында болған кездесулердің бірі – біздің белсенділер қалалық саябақтағы көлдің жанында жиналды, біз әңгімелестік, түрлі проблемалар туралы ойларымызбен бөлістік. Барлығы керемет болды: пледтер, печеньелер. Кездесулердің негізгі мақсаты – коммуникация құру, бір-бірін ұғыну, қандай да бір проблеманы немесе аспектіні айқындау, өз пікірімізбен бөлісу, келісу немесе келіспеу, түрлі дискуссияларды жүргізу. Нәтижесінде осының барлығы қоғамдастықтың бірігуіне алып келеді.

Мен Алматыда және Қазақстанда ЛГБТ-адамдардың жүріп, өздерін мақтанышпен, жасырмай, қорықпай көрсеткендерін қалағанмын, қазір де қалаймын. Бірақ ешқандай бостандық жөнінде айта алмаймыз, әсіре құқықтық сұрақтарға келгенде. Біздің заңнамалар ЛГБТ-адамдарды қорғағысы келмейді, әлемдік құқықтық кеңістікте ол дискриминациялық деп мойындалған. Қазақстан БҰҰ-дан ЛГБТ-адамдардың құқықтарын сақтау мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар ұсынымдар алған, бірақ біз оның бұл ұсынымдарға қандай қатынас көрсеткенін байқап отырмыз.
Алысқа барудың қажеті не? Қазақстан парламентінің депутаты Алдан Смайыл бізді қылмыскер деп есептеуге мүмкіндік беретін заң қабылдау керек деп есептейді, және осындай мысалдар көп
Қазір біз барлығымыз прайдқа шықсақ, бұл өте қауіпті болар еді. Біздің қоғам көбінесе «дәстүрлі» құндылықтарды, моральды және «қалыпты» отбасыларды қолдайтын ксенофобты, гомофобты қоғам болып табылады. Далаға қызбен қол ұстасып шықсаң – ысқырып, аяғыңның астына түкіріп, итеріп жіберуі мүмкін. Ал қоғамның прайдқа қалай «таңқалатынын» елестетіп көріңіз! Таспен атқылауы да мүмкін ғой. Ал негізі осы, мен жұмыс істейтін сайтан алғыр ғимаратта «тақырыптағы» бес адамды білемін. Біз басқалардан ешқандай ерекшеленбейміз. Бізден қорқудың және өлтірудің қажету не?

Дегенмен де, ЛГБТ-ға деген қатынастың біркелкі емес екендігін де мойындаған жөн. Алматы бұл тұрғыдан Қазақстанның басқа аймақтарынан өте қатты ерекшеленеді. Астананың түрлі аудандарында да шыдамдылық деңгейі әр түрлі. Мен бұны логикалық тұрғыдан түсіндіре алмаймын, бірақ үнемі бақылап отырамын. Орталықта адамдар біршама кең көзқарасты сияқты. Адамдардың алдында сүйісе беруге болады – айналадағыларға бәрі бір сияқты. Ал мен жұмыс істейтін бизнес-орталықта феминизм, ЛГБТ және адам құқықтары туралы жиналыстар жиі өткізіліп тұрады.
«БҰЛ ЛЕНА, ОЛ ЛЕСБИЯНКА»
Өзімді осылай қабылдағаннан кейін мен өзімнің бағдарымды ешқашан жасырған емеспін
Бұл туралы менің барлық жұмыстарымда білетін және қалыпты жағдай ретінде қабылдайтын. Бір жұмыста бір күні менен: «Сен ЛГБТ жөнінде көп айтасың, сен сонда лесбиянкасың ба?» деп сұрады. Мен: «Иә» деп жауап бердім.

Бұл кішігірім шок тудырды, бірақ мен ешқандай гомофобияны көрмедім, барлық қызметкерлер бұл ақпаратты дұрыс қабылдады.

Басқа бір жұмысымда бір жолы әріптестерім мені жаңадан келген қызметкерге тура солай таныстырды (менің ішкі «радарым» оны «тақырыптағы» адам ретінде анықтады): «Ал бұл Лена, ол лесбиянка». Ол қыз бұл «қызық екен» деп, оған аса мән бермеді, есесіне «тақырыптағы» құрбыларымен таныстарды. Дәл сол қыз арқылы Алматыдағы ЛГБТ қоғамдастырқтарды қолдаумен айналысатын қоғамдастықтар мен ұйымдарға шыға бастадым.
Жақында мен жаңа жұмысымда каминг-аут жасадым. Менің бөлімімде тоғыз адам бар, жалғыз ғана бір қыз қатты таңданып, шошып, менен: «Сен не енді маған тиісесің бе?» деп сұрады. Мен: «Жоқ, сен маған қызық емессің» деп жауап бердім. Ал ол болса: «Неге?» деп сұрады. Негізінде, «Ол лесбиянка ғой!» деген кездегі адамдардың реакциясын бақылаған қызық, «Аа, окей» дейді.

Анама өзімнің бағдарым туралы бір жарым жыл бұрын айттым. Оны бұған екі жылдай дайындадым, түрлі фильмдер мен журналдар беретінмін. Ақыр соңында: «Мама, менің қызым бар, мен лесбиянкамын» деп мойындадым. Ал ол болса: «Ой, мен бұрыннан білетінмін» деп жауап берді. Артық сұрақтар мен қандай да бір теріс реакция болған жоқ.

Басқа туыстарға келер болсақ, олар жалпы қалыпты қабылдайды.
Сенімсіздікпен, «Ойнап болған соң қоярсың, жассың ғой» деген сияқты пікір білдіріп жатады. Бұл әрине өкпелетеді. Менің таңдауыма осындай қатынас танытқандарын қаламас едім. Бұл мен, бұл менің болмысым
Қоғамда өзімнің бағдарыма байланысты күрделі проблемалармен кездескен жоқпын. Дегенмен, менің жай ғана жолым болды деп есептеймін. Бірде ЛГБТ-клубтың жанында төбелес болды – таксист ер адам бір қызды ұрып жатты. Мен ажыратуға кірістім, өзім де таяқ жедім. Полицияға шағым түсіруге келгенде «Ал сіз ол жерде не істеп жүрдіңіз? Ал сіз оның қандай клуб екенін білесіз бе? Сонда сіз де сондайсыз ба? – деген сияқты сұрақтар басталды. Құрбыларымнан арызды қабылдағысы келмеген, оларды ашық түрде балағаттаған, «Сендер не, лебисіңдер ме? Біз сендерден ештеңе қабылдамаймыз, сендер өздеріңмен өздерің төбелесіп қалғансыңдар ғой, бұның бізге қатысы жоқ» деп қайтарған.

Басқа бір жағдай: менің екі танысым ОСО-да сүйісіп тұрғанда, оларды видеоға түсіріп, желіге салып жіберген. Түсірген адам оларды түрлі сөздермен жамандаған. Қыздар сотқа берген. Сот бірінші қыздарды жақтаған, себебі олардың жеке өмірге деген құқығы бұзылған. Содан кейін шешім түсірген адамның пайдасына қабылданған. Сот отбасы институтын сақтау керек, ал біз сияқтылар оны ірітеді деген пікірге сүйенген.
Ең айқын оқиғалар – транс-әйелдерді зорлау. Олар өте шынайы, мен ол адамдарды білемін, олардың істері полицияға жолданған. Транс-әйелдерді тонаған, зорлаған, ұрып-соққан, пышақтаған, қинаған, денесін күйдірген, қамшымен сабаған. Өзім айтқандай, мен бұндай жағдайлармен кездескен емеспін, бірақ жай ғана жолым болғанын саналы түрде түсінемін. Басқалардың жолы болмады. Басқаларды ұрады, үйден қуады, коррекциялық зорлайды. Бұның барлығы сұмдық жағдайлар, бірақ әйелдер ол туралы ашып айтуға қорқады, сондықтан бәрі проблема жоқ деп ойлайды. Ал біз түрлі акцияларда плакаттар алып, айқайлауға шыққанда, адамдар «Неге айқайлайсыңдар? Бәрі жақсы ғой!» деп сұрайды. Бәрі жақсы болып көрінуі мүмкін, бірақ ол олай емес.

Мен әрі қарай да қоғамдастықты қолдаумен айналыса беремін. Іс-шараларға үнемі келіп тұратын адамдар тобы да қалыптасты және мен оның көбейгенін қалаймын. Өсуді, ұлғаюды қалаймын. Тек қана Алматы ғана емес, Қазақстанның басқа қалалары да әрекетке көшсе деймін. Бірге еліміздегі жағдайды өзгерте алатындай белсенділер пайда болса екен деймін. Кез келген адам «Барлығы жаман, қашу керек» деп айта алады. Бірақ менің көзқарасым: егер бір нәрсе ұнамаса – бірге өзгертейік. Мен болашақты осылай көремін.
ещё истории